Нормативті-құқықтық актілер
1. Мемлекеттік
статистика туралы заң memlekettik-statistika-turaly-zan.doc (cкачиваний: 55)
2. Жалпы-мемлекеттік және
ведомстволық байқауларды бекіту және әзірлеу ережелері bekitu-zhane-azirleu-erezheleri.doc (cкачиваний: 15)
3. ҚР статистикалық есептерді
ұсыну ережесі stat.-esepterdi-usynu-erezhesi.doc (cкачиваний: 24)
Департаменттің негізгі міндеттері:
1. мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2. ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізіндегі бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және оны жетілдіруін қамтамасыз ету;
3. мемлекеттік, коммерциялық құпияларды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтауын қамтамасыз ету;
4. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін, сондай-ақ статистикалық ақпарат жинауының уақытылығын қамтамасыз ету;
5. елде орын алып отырған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерттеу, оларды қорытындылау және талдау.
Департамент Қазақстан Республикасының заңдарына және жүктелген міндеттерге сәйкес төменде аталған жұмыстарды атқарады:
1) мемлекеттік органдарды, іскер топтарды және жұртшылықты ел өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды іске асырады;
3) жиынтық статистикалық ақпараттың заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат беретін жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар бланктарымен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
5) өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базаларының қорлануын, жүргізуін және жаңғыртуын қамтамасыз етеді;
6) халықаралық стандарттарға сәйкес Мемлекеттік статистикалық тіркелімді жүргізеді;
7) өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының талдауын жүргізеді, статистикалық жинақтарды, бюллетендерді, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды шығарып, оларды таратады;
8) бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
9) шаруашылықтар бойынша есеп жүргізудің әдіснамалық басшылығын іске асырып, бұл есеп деректерінің тиісті статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру үшін пайдалануын қамтамасыз етеді;
10) ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік статистикалық байқау өткізуге жұмылдырады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды.











