1987 және 1998 жылдар аралығындағы кезең ішінде ҚР Президентінің Жарлықтары және ҚР Үкіметінің қаулыларымен Республиканың статистикалық органдары әлденеше рет реформалаудан өткен болатын. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы «ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына және ҚР Статистика агенттігінің 1999 жылғы 18 мамырдағы бұйрығына сәйкес № 59 Алматы қалалық статистика басқармасы бөліну арқылы Алматы қаласының Статистика басқармасы, Алматы қаласының Ақпараттық-статистикалық орталығы (АСО) және ҚР Статистика агенттігі Ақпараттық-есептеу орталығының «Алматы қаласының Статистика есептеу орталығы» Еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (ЕМК) болып қайта ұйымдастырылған, бұл орайда әрбір ұйым нақты айқындалған және өзіне тиісті жұмыс міндеттері және құқықтары бар заңды тұлға мәртебесіне ие болды, бұл міндеттер мен құқықтар осы ұйымдардың Ережелері мен Жарғылық құжаттарында көрсетілген болатын.
Қаланың статистикалық органдарының қызметіне зор үлес қосқан және қосып жүрген бірінші басшылардың есімдері төменде келтіріледі:
|
Жылдар |
Бірінші басшының ата тегі, аты, әкесінің аты |
|
1933-1936 |
Артамонов В.Ф. |
|
1936-1948 |
Грубенко О., Новопашенный, Қайсақов А., Балпанбаева А.Т., Козинец Ф.А., Чернышев С.И., Молоткова Г.И., Тимофеева А.Ф., Митягин В. |
|
1959-1964 |
Ұндашев Құбжан Ұндашұлы |
|
1965-1974 |
Низамединов Мухамеджан Низамединович |
|
1975-1986 |
Қабылбеков Жиембек Болатұлы |
|
1986–2005 |
Пак Алла Дясуновна |
|
2005-2008 |
Баянов Нұрман Нұрдәулетұлы |
|
2008-2010 ақпан жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін |
Райысов Данар Дулатұлы |
|
2010 ақпанынан |
Каргулов Бағлан Абайбекұлы |
ҚР Статистика агенттігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 49 Бұйрығының негізінде «Алматы қаласының Статистика басқармасы» ММ-сіне «Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті» ММ-сі деген жаңа ат қойылған.
ҚР Статистика агенттігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 7 бұйрығымен «Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті» ММ-сіне «Алматы қаласының Статистика департаменті» деген жаңа ат қойылды.
Қайта ұйымдастыруылына байланысты Департаменттің құрылымында 16 бөлім жұмыс істейді:
|
1. Заң, ұйымдастыру-кадр жұмысы және құжат айналымы бөлімі |
|
2. Қаржы бөлімі |
|
3. Статистикалық тіркелімдермен жұмысы бөлімі |
|
4. Статистикалық тіркелімдермен жұмысы бөлімі 1 |
|
5. Статистикалық тіркелімдермен жұмысы бөлімі 2 |
|
6. Статистикалық тіркелімдермен жұмысы бөлімі 3 |
|
7. Арнайы байқаулар өткізу бөлімі |
|
8. Үй шаруашылықтарын зерттеу бөлімі |
|
9. Әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімі |
|
10. Бағалар статистикасы бөлімі |
|
11. Статистикалық ақпарат пайдаланушыларымен жұмысы бөлімі |
|
12. Өнеркәсіп статистикасын қалыптастыру бөлімі |
|
13. Сауда және қызметтер статистикасын қалыптастыру бөлімі |
|
14. Инвестициялар, құрылыс және ауыл шаруашылығы статистикасын қалыптастыру бөлімі |
|
15. Қаржы статистикасын қалыптастыру бөлімі |
|
16. Еңбек статистикасын қалыптастыру бөлімі |
Алматы қаласының Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жергілікті басқару органдарын, заңды және жеке тұлғаларды статистикалық деректермен қамтамасыз етеді. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңын, ҚР заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге нормативтік құқықтық актілерін және Департамент туралы Ережені басшылыққа алады.
Департамент қызметінің мақсаты, ҚР Үкіметі жыл сайын бекітетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, статистикалық байқаулар өткізу болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін департамент статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген көлемде және мерзім ішінде заңды тұлғалардан мемлекеттік статистикалық есептілік алып отырады.
Департамент қаладағы Шаруашылық жүргізуші субъектілердің статистикалық тіркелімін жүргізу және жаңғырту жөнінде жұмыс өткізеді, саны Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шамамен үштен бірін құрайтын заңды тұлғалардың базасы құрылған.
Алматы қаласының Статистика департаментінің тағы бір мысалы және мақсаты өңір статистикасы тараулары бойынша деректер банкілерін қалыптастыру және жүргізу болып табылады.
Тұтынушыларға ақпаратты жеткізудің аса маңызды құралы статистикалық жарияланымдар болып табылады: «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп аталатын ай сайынғы баяндама, статистикалық бюлеттендер, статистиканың барлық салалары бойынша жинақтар мен талдамалық жазбахаттар, сондай-ақ қаладағы БАҚ-на ұсынылатын баспасөз хабарламалары. Бұдан басқа, Департамент БАҚ-ың тілшілерін шақырып мезгіл-мезгіл баспасөз мәслихаттарын және қаладағы кәсіпорындар, ұйымдар және оқу мекемелеріне арналған «Ашық есік күнін» өткізеді, бұл шаралардың мақсаты қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен, Департаменттің алынып жатқан статистикалық деректерді жинау және өңдеу жөніндегі қызметімен таныстыру, сондай-ақ статистикалық ақпаратты тарату және пайдаланушыларға жеткізу болып табылады. Заңды тұлғалардан және статистикалық ақпаратты пайдаланушылардан түсетін өтініштері мен жеке сауалдарының қомақты санына ЕМК-ың маркетинг қызметі арқылы жауап беріледі.











